Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша өсімпұл және айыппұлдың есептен шығарылуы.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдер бойынша өсімпұл және айыппұлдың есептен шығарылуы.

Елбасының 05.10.2018 жылғы Жолдауына сәйкес, амнистияға қатысты 2018  жылдың 28-ші желтоқсанында №210-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шықты. Жоғарыда аталған заңға сәйкес салық заңнамасына өзгерістер мен қосымшалар еңгізілді.
4) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:
      «57-1-бап. Салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жеке шотындағы бересі сомасын 2018 жылғы 1 қазан — 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде төлеген жағдайда салықтық берешек деп танылмайды және бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мыналар есептен шығаруға жатады деп белгіленсін:
      1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазаннан бастап, төлеу күнін қоса алғанда, төленген күніне дейінгі кезеңде көрсетілген бересі сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша есептен шығарылады;
      2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша жеке шотындағы айыппұл сомасы.
      Өсімпұлдар мен айыппұлдардың осы бапта көзделген есептен шығарылуы салық төлеушінің төлеу мерзімі 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасы мен Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін толық көлемде мерзімінен бұрын орындау жағдайларына қолданылады.
      Осы баптың ережелері:
      1) ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын;
      2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
      жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын осындай пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануды;
      акцизделетін өнім өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілерге;
      3) кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асыруға байланысты түзілген салықтық берешекті қоспағанда, жеке тұлғаларға қолданылмайды.»

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

  • Related Posts

    Особенности составления декларации об активах и обязательствах

    С 1 января 2020 года в РК вводится обязательное всеобщее декларирования доходов и имущества физическими лицами.

    Активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасау ерекшеліктері

    2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап ҚР жалпыға бірдей жеке тұлғалардың табыстарын және мүліктерін декларациялау міндеттемесі кіргізіледі.

    Заказ услуги
    close slider

      Заказать услугу