Салық заңнамаларын түсіндіру бойынша салық төлеушілерге ашық есік күні

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2019 жылғы 16 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуын жария ету шеңберінде  салық  заңнамаларын түсіндіру бойынша  салық төлеушілерге ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға 36 салық төлеуші қатысты.

Салық төлеушілерден келесі сұрақтар қойылды.

—          «Салық төлеушінің кабинеті»  ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау арқылы онлайн-қызметтерді алу;

—           Уақытша қызметті тоқтату тәртібі?

—          Салық төлеушілердің сұрақтарына Басқарма қызметшілері толық ақпарат берді.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт