Салық төлеушілер үшін маңызды ақпарат!

Салық төлеушілер үшін маңызды ақпарат!

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Сіздің назарыңызға келесі маңызды ақпаратты жеткізеді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық есептілігін тапсырудың бес негізгі мерзімі қарастырылған, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі үшін жалпыға ортақ және неғұрлым дағдарысты.
Мысалға, статистикаға орай, барлық салық есептіліктер ішінде 35-40% декларациялар соңғы бес күнде тапсырылады, сонымен ақпараттық жүйелеріне аса мол жүктеме тудырады. Бұл мәлеметтер Астанада ғана, ал ел масштабында есепті кезеңнің сонында тапсырылған декларациялар саны бір миллион шамасында.
Бұл мәселені шешу бір түрі ретінде, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігін тапсыру келесі тәртібін ұсынады.
—    шағын кәсіпкерлік субъектіліне (көпшілік жеңілдетіп есеп жүргізеді) салық есептілігін есеп кезеңнің соңына 20 күнтізбелік күн қалғанда тапсыру;
—    орта кәсіпкерлік субъектіліне (күрделі емес бухгалтерлік және салық есеп) есеп кезеңнің соңына 10 күнтізбелік күн қалғанда тапсыру;
—    ірі кәсіпкерлік субъектіліне (күрделі есеп және тармақты жүйесі) есеп кезеңнің соңына 5 күнтізбелік күн қалғанда тапсыру кеңес береді.
Жалпыға бірдей күш салып, осы тәртіпті ұстанып, біз есеп кезеңде ақпараттық жүйелеріне жүктеме үйлестіру мәселені бірге шешеміз және өзара тиімді бірлескен жұмысты реттейміз.
Бірге ақпараттық жүйелерінің жұмысбастылық мәселесін шешеміз.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев