Салық рақымшылығы

 

Салық   рақымшылығы

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды, Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды және айыпұлды есептен шығару жөнінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу туралы тапсырмасы берілген.

Осыған байланысты, 01.01.2019 жылдан бастап, салық заңнамасына мүдделі органдармен шағын және орта бизнеске салықтық рақымшылық жүргізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Аталған өзгерістер,  2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін  салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды және айыпұлды есептен шығару жөнінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізіледі.

Айыппұл мен өсімпұл бойынша жинақталған қарызынан босату үшін салық төлеушілерге 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайында салықтар бойынша негізгі қарызының сомасын бюджетке төлеу қажет екендігіне тағы да назар аударамыз. Яғни, өсімпұл мен айыппұл сомасы негізгі қарызы төленген жағдайда ғана есептен шығарылады.

Сонымен қатар, салықтық рақымшылыққа келесілер жатпайды:

          мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер;

          жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суын өндіру, емдеу балшығына құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда;

          акцизделетін өнімді өндіретін өндірушілер;

          жеке немесе дара кәсіпкерлікпен шұғылданбайтын жеке тұлғалар.

09.04.2019 жылғы жағдайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 204 салықтөлеуші бойынша 109 миллион тенгеге айыппұл соммасы шегерілді.

Туындаған сұрақтар бойынша келесі мекен жайға бойынша хабарласа аласыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Кабанбай батыра даңғылы, 33 үй, 203 кабинет, тел: 95-31-07, 95-31-08.

Автор записи: Жасулан Мантаев