Салық кодексіне жаңа өзгерістерін түсіндіру бойынша республикалық науқан өткізу туралы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 17.01.2020 жылы сағат 15.00-де ОСО, ХҚКО-да «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) жаңа өзгерістері бойынша республикалық науқанын (бұдан әрі — Науқан) өткізу жоспарланғанын хабарлайды.

Науқан «Адалдық алаңы» ұранымен Қаржы министрлігі қызыметінің қол жетімділігі мен ашықтықтығын насихаттау мақсатымен, «Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жұмысы шеңберінде халықтан келіп түсетін ұсыныстар мен сұрақтарға уақытылы жауап беру үшін өткізіледі.

Науқанды өткізу орындары:

«Аружан» СОО;

«Евразия» СОО;

«Рахмет» СҮ (Б. Момышұлы даңғ., 10, Н. Тлендиева даңғ., 15);

«Гүлжан» СҮ;

«Керуен» СОО;

«Сарыарка» СОО;

«Артем» СҮ.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 22-73-12, 22-73-17, 22-60-65 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт