Құрметті салық төлеушілер!

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын (бұдан әрі- БКМ) қолдану бойынша түсіндірмеге қатысты, келесіні хабарлайды.

Салық кодексінің 166 бабының 1 тармағына сәйкес – Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде модельдері мемлекеттік тізілімге еңгізілген БКМ арқылы жүргізіледі.

Бұдан басқа, 166-баптың  2 тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының ережесі ақшалай есеп айырысулар келесі жағдайда қолданылмайды:

1) жеке тұлғалар;

2) адвокаттар мен медиаторлар;

3) уәкілетті органмен келісім бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттер бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;

5) қызметі ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер;

6) екінші деңгейдегі банктер.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге еңгізілген деректерді беру функциясынсыз бақылау-касса машиналарын қолданады.

Тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету (тауар қозғалысын бақылау) кезінде жүзеге асырылатын БКМ мәліметтеріне камералдық бақылау жүргізу мақсатында БКМ чегінде көрсетілуге жататын ақпарат тізімі кеңейтілді, атап айтқанда мынадай мазмұнмен толықтырылды:

         7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;

         10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;

         11) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

         12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;

         13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша ставканы көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;

         14) бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекен-жайы;

         15) кодталған түрде бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты қамтитын штрихкод.

         БКМ чегінің мазмұнын жоғарыда көрсетілген толықтырулар енгізу үшін салық төлеушілерге тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауларының тізбесін дербес жасап,  БКМ-на техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.

Жоғарыда баяндағанның негізінде, салық төлеушілер Салық кодексінің 166 баптың 2 тармағына жатпайтын, қолма-қол төлемей есеп айырусымен айналысатын салықтөлеушілерді қоспағанда, қызметін жүзеге асыратын кезде және ақшалай есеп айырысу барысында БҚМ қолдануға міндетті.