Құрметті салық төлеушілер!

2019 жылдың 08 тамызында Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің отырысы болып өтті.

Отырысқа Нұр-Сұлтан қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасының, қаланың бизнес-қоғамдастығының өкілдері, Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Отырысты Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының м.а. Т.Т.Ошақбаев ашты.

Консультативтік кеңестің жұмыс тобына салық заңнамасына бірқатар ұсыныстар келіп түсті. Ұсыныстар КТС бойынша аванстық төлемдерге, қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдары үшін КТС бойынша мөлшерлемелер мен шегерімдерді қолдануға, кинопрокат өнімдерінің импортын ҚҚС-тан босатуға, жеке тұлғалардың атына көрсетілген қызметтер үшін шот-фактураның көшірмесін алып тастауға және Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместердің табыстарына салық салуға қатысты.

Отырыс нәтижелері бойынша қатысушылар байланыс қызметтері үшін шот – фактураларды жазып беруге және шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке қатысты Тараптардың ұстанымындағы қайшылықтар анықталған проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстарды пысықтауға және консультативтік кеңес сарапшыларының кезекті отырысында қарауға келісті.

Консультативтік кеңес мүшелері салық заңнамасын құқық қолданудың өзекті мәселелері бойынша шешімдер іздеуде бірлесіп жұмыс істейтін болады.

Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті