Құрметті салық төлеушілер!

2019 жылдың 5 тамызында Астана қаласы Мемлекеттік кірістер Департаменті Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында, 30-ден аса  кәсіпкерлердің қатысуымен семинар өткізілді.

        Семинардың негізгі мақсаты – жанама салықтарды төлеу, салық есептілігін ұсыну және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ережелерді түсіндіру.
Семинар соңында сұрақтар қойылып, Сарыарқа ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметшілерімен сұрақтарға дәйекті жауап берілді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті