Құрметті патент негізінде қызмет атқаратын салық төлеушілер!

Құрметті патент негізінде қызмет атқаратын салық төлеушілер!

Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы патент негізіндегі салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есебін оның әрекет ету мерізімінің аяқталуына дейін (ф. 911.00) табыс етілетіндігін еске салады.
911.00 «Патент құнын есептеу» формасын тапсырарда (911.00.008 қоспағанда) барлық жолдардың толтырылуының қажеттілігіне назар аударамыз. Көрсетілетін сомма болмаған жағдайда, нөл санын қою қажет.
Салық есептілігін табыс етер алдында салық төлеушінің тіркеу деректерін жеке кабинетіндегі Сервис – Тіркеу деректері бөлімінде жаңарту қажет.
911.00 салық есептілігінің формасын Хаттама қателіктері бойынша қателіктерді жойған соң ғана тапсыра аласыз, олай болмаған жағдайда жүйе есептілікті өңдеуден бас тартады.
Сонымен қатар, патенттің көрсетілген әрекет ету мерзімін 2019 жылдың 1 қаңтарынан қабылдамау (911.01.001 қатар) және де патентті есептеу түрін қатарында  кезекті деп толтырылған жағдайда (911.01.001 қатар)  алдын орын алған қателіктер 21.12.2018 жылығы СЕӨЖ жаңартулар нәтижесінде жойылды.
Жеке кәсіпкерлердің көп бөлігі қазіргі кезде Сарыарқа және Алматы аудандарының МКБ тіркеу есебінде тұруына байланысты патент құнын есептеу формасын табыс етер және патент құнын төлер алдында салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы тіркеу деректеріне, атап айтқанда мемлекеттік кірістер органының кодіна назар аударуды ұсынамыз.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор записи: Жасулан Мантаев