Құпия болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуеклдерді басқару жүйесін қолдану

Құпия болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуеклдерді

басқару жүйесін қолдану

 

 

Салық кодексінің 137 бабына сәйкес Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салықтық есептіліктің деректеріне, уәкілетті мемлекеттік органдардан алған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.

Осы талдау нәтижесінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілерді (салық агенттітерді) санаттарға бөлу қызметтеріне байланысты төмен, орта және жоғары дәрежесіне қарай және салықтық әкімшіліктендіруді пайдалана отырып жүргізіледі.

Тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары құпия (қызметтік) ақпарат болып табылады, Салық кодексінің 137 бабының 1 тармағын қоспағанда.

«Құпия болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуеклдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары» (келесіне-Қағида) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2018 жылдың 20 ақпандағы № 252 бұйрығына сәйкес бекітілген.

Құпия болып табылмайтын өлшемшарттар:

·   «Салықтық жүктеме»

·   «Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы»

·   «Салық есептілікте көрсетілетін кірістер мен шығыстар сомасы»

·   «Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлғалармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелер»

·   «Салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойындағы залалдарды көрсетуді»

·   «Бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізуді»

·   «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылыққтарды»

·   «Арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін, Салық кодексте белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындауды»

·   «Салықтық мониторингке қатысу»

·   «Салық төлеушінің деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдануы»

·   «Шот-фактураны электрондық түрде шығарғандағы»

·   «Салық төлеушінің стандартты тексеру файлын қолданғандағы»

·   «Қосымша құн салығы бойынша арнайы шотты пайдалану»

Қағидаға сәйкес салық төлеушілерді санаттарға бөлу жылына екі рет жүргізіледі және салық төлеушілерді ақпараттандыру 2019 жылдың 1 қаңтардан бастап «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап сайтта сұранымды өңдеу арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, «Салық төлеушінің кабинетіне» web-қосымшасы арқылы тәуекелдер дәрежесімен  қатар, құпия болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінің есеп қисабы  түсіп отырады.

Салық төлеушілер қажет жағдайда web-қосымшасы арқылы «Салық төлеушінің кабинетінен»  мемлекеттік кірістер органдарына көрсетілген өлшемшарттар бойынша түсініктеме жолдай алады (сонымен қатар, камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаларға да қатысты түсініктеме).

. Мемлекеттік кірістер органдарына түскен түсініктемелер, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану бойынша дәлелденген жағдайда есепке алынып, салық төлеушіге өзгертілген мәліметтер жолданады.

Автор: Жасулан Мантаев