"Виртуалды қойма" модулі жайлы

«Виртуалды қойма» модулі жайлы

            ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулі (бұдан әрі – ВҚ) тауарларды есепке алуды жүйелеу, қалдықтарды автоматты түрде санау және импортпен келген тауарларды кіріске алудағы бизнес-процесті автоматтандыру мақсатында жасалды. ЭШФ АЖ ВҚ-да салық төлеушілердің жеке қоймаларындағы тауарлар жайлы ақпараттар, сондай-ақ ВҚ-ға тауарды кірістіру, тауардың орнын ауыстыру және есептен шығару жайлы барлық электрондық құжаттары сақталатын болады.
            ВҚ модулі тауарларды қоймаға кірістіру және есептен шығару процестерін автоматтандырады, соның ішінде Тауар декларациясы (бұдан әрі – ТД) немесе тауарды шеттен әкелу өтініші негізінде. Нәтижесінде ВҚ-дан таңдалған тауар бойынша ЭШФ рәсімдеу барысында ТД, шеттен әкелу өтінішінен және тауардың шығу тегі сертификатынан мәліметтер автоматты түрде толтырылады. Қалдықтарды online режимінде жүргізу мүмкіндігі. ВҚ тауар қалдықтарының өзгерісін толық жүктеу және мерзімді жүктеу. Тауар жайлы толық қажетті ақпаратты сақтау. Тауардың шығуын бақылау.
           API-интерфейс ВҚ мен бухгалтерлік есеп жүргізуге арналған ERP жүйелерінің инеграциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев