ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің екінші және төртінші бағыты бойынша жұмыс тобының отырысы

ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің екінші және төртінші бағыты бойынша жұмыс тобының отырысы

      Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Қасымқызы Дүйсенованың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының ғимаратында бейнеконференция режимінде жұмыс тобының отырысына қатысты.
      Жұмыс тобы отырысының күн тәртібінде екі мәселе талқыланды:
      Біріншісі: табысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін салық жүктемесін төмендету және екінші мәселе-шағын кредит беруді кеңейту.
      Табысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін салық жүктемесін төмендету бойынша қабылданған шаралар туралы, Мемлекет басшысының шағын несиелеуді кеңейту бойынша тапсырмасын іске асыру туралы, сондай-ақ ауылдық жерлерде шағын несиелеуді кеңейту бойынша ҚР Президентінің әлеуметтік бастамасын іске асыру туралы мәселелер көтерілді.
      Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі С. М. Жұманғарин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі С. К. Жақыпова, ҚР АШМ Инвестициялық саясат департаменті директорының м.а. Қ. А. Әубәкіров сөз сөйледі; барлық мүдделі бағыттар бойынша өзекті тақырыптар талқыланды.
      Сондай-ақ, ВКС-қа «Астана қаласының қаржы басқармасы» ММ, «Нұр Отан» партиясының АҚФ, Астана қаласының Кәсіподақ орталығы, «Даму «кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және басқалар қатысты.
      Конференцияға қатысушылар диалогқа ашық және проблемалық мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.

      Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев