Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорты.

Қосылған құн салығынан босатылған
айналымдар және импорты.

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодесінің (бұдан әрі — Салық кодексі) 370 бабына сәйкес мыналар салық салынбайтын айналым болып табылады
1) Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым сонымен қатар өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналымдар.
Мекен жайы белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Салық кодексінің 378, 441 бабтарына сәйкес.
3) Салық Кодексінің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Салық кодексінің 45-тарауында, қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорттар айқындалған.
Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын қосылған құн салығынан босатылған тауарлармен, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Салық кодексінің 394 бабының  1)- 43) тармақшаларында көрсетілген.
Салық кодексінің 395 бабындағы тауарлармен, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Салық кодексінің 387 және 448-баптарына сәйкес халықаралық тасымалдау болып табылатын тасымалдарды өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылса қосылған құн салығынан босатылады.
Тек қана тұрғын ғимараттың тұратын бөлігінен басқа өткізу және жалға (қосалқы жалға) беру, сонымен қатар студенттік және мектеп жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер қосылған құн салығынан босатылады.
Салық кодексінің 396 бабы  2-тармағының 1)-3) тармақшаларына сәйкес Қосалқы жалға беруді қоспағанда, жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
Салық кодексінің 397 бабының 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.
Ислам банкінің сатып алушыға өткізетін тауардың үстеме бағасының Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған коммерциялық кредит туралы шарттың талаптарында айқындалатын сомасы қосылған құн салығынан босатылады.
Ережелері:
1) тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату туралы шарттарсыз;
2) тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату шарттары
Осы ережелер коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ислам банкі мүлікті берген жағдайда қолданылады.
Сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға өткізуі жағдайларына қолданылмайды.
Мүлiктi қаржы лизингіне беру, егер мұндай беру Салық Кодексінiң 197-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келсе, лизинг берушi алуға жататын сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған құн салығынан босатылады.
Мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде мүлiктi қаржы лизингіне беру арқылы қосылған құн салығынан босатылады:
1) мұндай беру Салық Кодексінің 197-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келсе;
2) берілетін мүлік Салық Кодексінің 394-бабы бірінші бөлігінің
38) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса, қосылған құн салығынан босатылады.
Импорттар Салық Кодексінің 398 бабы  1-тармағының 1)-13) тармақшаларына сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.
Салық Кодекстің 398 бабы 1-тармағының 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген импорт тауарлардың қосылған құн салығынан босату тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы:
1) тауарлар еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылса;
2) еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен аяқталса;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылса.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев