«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу»

Салық төлеушілер заңнамада белгіленген тәртіппен ең төменгі айналым мөлшерінен асып түскен жағдайда қосылған құн салығы бойынша  міндетті түрде тіркелуге тиіс.

Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 мың еселенген мөлшерін құрайды.

Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:

  1. салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар, — салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;
  2. ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған салық төлеушiлер — салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған күннен кейiнгi күннен бастап;
  3. басқа салық төлеушілер — ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.

      Егер айналымның мөлшері ең төменгі айналым мөлшерінен асып түскен жағдайда он жұмыс күнінен кешіктірмей салықтық өтінішті беруге міндетті.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру үшін келесі салықтық өтініш  тәсілдерінің  бірімен:

  1. өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште;
  2. электрондық нысанда;

 Жоғарыда аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұру туралы салық өтінішін берген күннен бастап ҚҚС төлеуші болып табылады.

Салық органы салықтық өтінішті берген күннен бастап бір күн ішінде салық төлеушіні құн салығы бойынша тіркейді.

       Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы салық төлеушіге бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді. Салық төлеуші  салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған жағдайда,  салық органы  салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт