Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу ерекшеліктері

Қосылған құн салығы бойынша
есепке жатқызу ерекшеліктері

2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодесінің (бұдан әрі — Салық кодексі) 46-тарауында, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы белгіленген.
Егер алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер өткізу бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, Салық кодексінің 400 бабы  1-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы есепке жатқызатын қосылған құн салығының  (әрі қарай — ҚҚС) сомасы деп танылады.
Сондай-ақ, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған заңды тұлға алған тауарларға қатысты қолданылмайды.
Жеке тұлға олар бойынша шығыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ҚҚС төлеушінің шығыстары деп танылған және Салық кодексінің 244-бабына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар ретінде шегерімдерге жатқызылуға тиіс көрсетілетін қызметтерді алған жағдайда, қосылған құн салығын осындай төлеушінің Салық кодексінің 400 бап 1-тармағы 1) тармақшасының талаптарын сақтаған кезде аталған көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
ҚҚС  сомаларын есепке жатқызу үшін бірнеше негіз болған кезде ҚҚС сомасын есепке жатқызу неғұрлым ерте болатын негіз бойынша бір рет жүргізіледі.
ҚҚС бойынша есепке жатқызу салық төлеуші қызметінің тоқтатылуына байланысты осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін, салық төлеуші қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату декларациясы берілген салықтық кезеңде ҚҚС асып кету сомасына азайтуға жатады.
Есепке жатқызылатын ҚҚС  неғұрлым кеш болатын  күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады. 
Сондай-ақ, деректемелер, нөмірі көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген есепке жатқызылмайтын ҚҚС негізі болып табылады:
—    қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;
—    жазып берiлген күн;
—    реттiк нөмiрi;
—    тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
—    салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;
—    куәландырылмаған шот-фактура;
—    қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар.
Сонымен қатар:
—    ҚҚС төлеуші осы Кодекстің 407 және 409-баптарына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу арқылы әдісін қолданса;
—    негізгі құралдар ретінде есепке алынған жеңіл автомобильдер;
—    ҚҚС  айналымдар түрінде өткізуге арналған тұрғын ғимаратты салу үшін пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер;
—    Қазақстан Республикасының аумағындағы банктегі арнайы депозиттік шотта орналастырылған тарату қорының қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер;
—    төлемнің мерзімділігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемі ҚҚС ескеріле отырып, қолма-қол есеп айырысу арқылы жүргізілген және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлемді жасау күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асып кететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер;
—    дербес  білім беру ұйымдары, өздері алған нысаналы салым немесе осындай нысаналы салымның қаражатынан өтеусіз негізде қаржыландыру есебінен сатып алған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты төлеуге жататын ҚҚС есепке жатқызылмайтын ҚҚС деп танылады.
Сол сияқты: 
—    комиссионерден – комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен комитент үшін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төлеуге жататын ҚҚС;
—    экспедитордан – көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша міндеттерді орындау кезінде тасымалдаушыдан және (немесе) басқа да өнім берушілерден сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төлеуге жататын ҚҚС есепке жатқызылатын ҚҚС деп танылмайды.
Бұдан басқа, бұрын есепке жатқызылатын ҚҚС деп танылған ҚҚС мынадай жағдайларда:
—    шот-фактураны және өзге де құжатты жазып беру әрекетін сот жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле;
—    соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле;
—    ҚҚС есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын құжатта қате көрсетілген сома бөлігінде;
—    сот осындай салық төлеушіден тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің іс жүзінде алынғанын анықтаған мәмілелерді қоспағанда, басшысы және құрылтайшысы мұндай заңды тұлғаның заңды күшіне енген сот шешімімен анықталған тіркелуіне (қайта тіркелуіне) және қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруына қатысы болмаған, салық органының шешімі негізінде ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алынған салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған мәмілелер бойынша алып тастауға жатады.
Күмәндi мiндеттемелер бойынша, міндеттемелерді есептен шығару кезінде есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету Салық кодексінің 405-бабымен қарастырылған.
Бірақ,  есепке жатқызылатын ҚҚС,  Салық кодексінің 372-бабы 5-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, Салық кодексінің 372-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, түзетулер жүргізілмейді.
  Сондай-ақ, Салық кодексінде есептеу тәртібін анықтайтын баптар: 406-бап «Түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын ҚҚС», 408-бап «»Есепке жатқызуға рұқсат етілген ҚҚС сомаларын пропорционалды әдіспен айқындау тәртібі», 409-бап «Есепке жатқызуға рұқсат етілген ҚҚС сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі», 410-бап «Тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуды жүзеге асыратын ҚҚС төлеушінің есепке жатқызуға рұқсат етілген ҚҚС сомаларын айқындау тәртібі», 411-бап «Есепке жатқызылатын ҚҚС қосымша сомасы» қарастырылған.
Салық кодексінің «Есепке жатқызылатын ҚҚС қосымша сомасы» 411-бабымен айқындалған салық төлеушінің кейбір категориясына (ауыл шаруашылығы өніміне, акваөсіру, балық өсіру шаруашылығына және т.б.)  таралады.
      
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор записи: Жасулан Мантаев