Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымдарды жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу.

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымдарды жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын
салық төлеушi ретінде тіркеу.

Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарды салықтық әкімшілендіру шеңберінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 88 бабының 1 тармағына өзгерістер еңгізілді, яғни, 9) тармақшасы қосылды, осыған сәйкес Салық кодекстің 543-бабының 5) тармақшасында аталғандай уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.
Ұлттық Банкпен берілген лицензияға сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру негізгі қызметі болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы яғни қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкілетті мекеме болып табылады.
Сонымен қатар, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша уәкілетті мекемелерді жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою үшін жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, Салық кодексінің 88 бабының 4 бабында 2 абзацында белгіленген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жеріндегі салық органдарында жүргізіледі.
Бұл хабарлама жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға дейін үш жұмыс күннен кешіктірмей салық органдарына табыс етіледі.
Қазіргі таңда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші яғни, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастырумен айналысатын ұйымдар үшін қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Хабарлама функционалы «Е-лицензирование» Мемлекеттік ақпараттар қорында жүзеге асырылған.
Осылайша, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастырумен айналысатын ұйымдар салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органдарына үш жұмыс күннен кешіктірмей қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Хабарламаны табыс ету тиіс.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев