Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қолданатын ДК үшін жеңілдіктер

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қолданатын ДК үшін жеңілдіктер

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Қазақстан Республикасының Заңымен 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыратын ДК үшін маңызды жеңілдіктер берілді:

1.                     Салық кодексінің 82-бабына түзетулерге сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшерін айқындау кезінде үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, есеп айырысудың қолма-қол емес нысанында жасалған 114 184 АЕК (288 314 600 теңге) шегінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ДК айналымы енгізілмейді.

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе   деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

Осылайша, егер 2019 жылы оңайлатылған декларация бойынша ДК 288,3 млн. теңге сомасындағы айналымы үш құрамдасты интеграцияланған жүйені түрде қолдана отырып жасалған болса, онда мұндай тұлғада ҚҚС бойынша есепке қою бойынша міндеттемелер туындамайды.

2.                     Салық кодексінің 683-бабының 2-тармағына енгізілген түзетулермен бірге оңайлатылған декларация бойынша арнаулы салық режимін қолдану үшін табыс шектеріне үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен ДК алған 70 048 АЕК (176 871 200 теңге) шегіндегі табыстар кірмейді.

Автор: Жасулан Мантаев