ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 05 қазанында сағат 9-00 — де «АДАЛ ЖҮРЕК» ұранымен Триатлон паркінде 2400 метр қашықтыққа жүгіру-«Президенттік МИЛЯ» қайырымдылық марафонына қатысып, «Нұр-Әлем Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қорына ақшалай соманы енгізді.

Ақшалай жарна онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға көмек көрсетуге арналған. Онкологиялық аурулар мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Нұр-сұлтан қалалық әкімдігімен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және қалалық дене шынықтыру және спорт Басқармасымен бірлесіп «Адал Жүрек»қайырымдылық марафонын ұйымдастырды.

Таңертеңнен бастап Триатлон саябағында достық атмосфера орнады, марафонның барлық қатысушылары біздің балаларымыздың жарқын болашағы үшін өткізілетін іс-шараның маңыздылығын түсінді.

Қайырымдылық марафонына көптеген атақты спортшылар қатысты. Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, қаланың спорттық іс-шараларына қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Сонымен қатар, әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен алдағы уақытта да салауатты қоғамдық бастамаларды қолдауға уәде беріп, өзінің жеке үлгісімен осы қашықтықты жүгіріп өтіп, көмектесуге дайын екендігін көрсетті.

Марафон аяқталғаннан кейін кубокпен және Құрмет грамотасымен ең үлкен қатысушылар марапатталды, оның ішінде 64 жастағы әйелдер, 68 жастағы ерлер, сондай – ақ 5 және 6 жастағы ең жас қатысушылар.

Марафонды ұйымдастырушылардың шешімімен барлық қаражат ауру балаларға қайырымдылық қорына берілді. Мұндай Акция Қазақстан Республикасының барлық қалаларында өткізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт