Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Баспасөз анонсы

2019 жылғы 26 маусымда сағат 15-00-де Нұр-сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша орналасқан «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Сұрақтарды m.minfin@minfin.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберуге болады.

Кері байланыс үшін өз мәліметтеріңізді және байланыс телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.

Сіздің сұрақтарыныздың жауабы ҚР Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz сайтында халықпен кездесу өткізілгеннен кейін орналастырылады.

Call center: 8 (7172) 75-02-94, 75-04-55.

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі