Ошақбаев Таукен Темірбекұлы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары болып тағайындалды

Бүгін, 2019 жылдың 13 мамырында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы жаңадан тағайындалған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары Ошақбаев Таукен Темірбекұлын ұжымға таныстырды.

Ошақбаев Таукен Темірбекұлы, 1966 жылы туған, қазақ, білімі жоғары.

Еңбек қызметі:

·        Алматы облысытық аграрлық өнеркәсіп комитеті кооперативтік мемлекеттінің 2-ші дәрежелі экономисі. Алматы қаласы (1989-1992);

·        Алматы қаласы Фрунзе ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясы шетелдік заңды тұлғалар және мемлекеттік, «акционерлік, қосалқы, коммерциялық мекемелерге салық салу бөлімінің мемлекеттік салық инспекторы. Алматы қаласы (1992-1995);

·        Алматы  қаласы Фрунзе ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясы заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы. Алматы қаласы  ( 1995-1996);

·        Алматы қаласы Фрунзе ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясы заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бастығы. Алматы қаласы (1996-1998);

·        Алматы қаласы бойынша салық комитеті ірі салық төлеушілердің салық аудиті бөлімінің бастығы. Алматы қаласы (1998-1999);

·        Алматы қаласы бойынша салық комитеті Аудит басқармасының бастығы. Алматы қаласы  (1999-2000);

·        Алматы қаласы бойынша салық комитеті заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы. Алматы қаласы (2000-2001);

·        Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық комитеті бастығының орынбасары. Алматы қаласы (2001-2004);

·         ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің «Ақпараттық технологиялар паркі» бастығының орынбасары. Алматы қаласы (02.09.2004-27.09.2004);

·        Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық комитеті бастығының орынбасары. Алматы қаласы (2004-2007);

·        ҚР Алматы қаласы «Азия Дилер ЛТД» ЖШС-на  қаржы бастығының орынбасары. Алматы қаласы (2007-2009);

·        Алматы облысы Талдықорған қаласы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары міндетін атқарушы. Талдықорған қаласы (02.07.2010-15.11.2010)

·        Алматы облысы Талдықорған қаласы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары. Талдықорған қаласы. (2010-2011);

·        ҚР ҚМ Салық комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, Астана қаласы (2011-2014);

.           Алматы қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары, Алматы қаласы 03.2014-11.2014;

·        Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  аудит басқармасының басшысы, Талдықорған қаласы (2014-2015);

.           Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (18.09.2015-16.07.2017);

.           ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы (17.07.2017-07.05.2019);

2019 жылғы 08 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті