ONLINE-БКМ көшу және POS-терминалды қолдану.

ONLINE-БКМ көшу және POS-терминалды қолдану.

Астана қаласы Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірге сондай-ақ  БКМ бойынша қызмет көрсету ұйымдарының өкілдерімен Астана қаласы Алаш 15 мекенжайында орналасқан орталық базарда жалға алушылар арасында ONLINE-БКМ  кезеңді түрде өту және POS-терминалды қолдану сұрақтары бойынша 13.02.2019ж. Ашық есік күні және ТБЖ тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Салық кодексінің 136-137 бабына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтөлеушілерді тәуекел деңгейі бойынша санатқа бөлу: төмен, орта немесе жоғары енгізіледі. Орта немесе жоғары тәуекел деңгейлі санатқа түскен салықтөлеушілерге салықтық әкімшіліктің қатаң түрде шаралары қолданылады.
 Сонымен қатар патент негізіндегі арнаулы салық режимінің және оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимінің қолдану шарттары түсіндірілді. Сондай-ақ ONLINE-БКМ түрлері, POS-терминал және Atameken Business қосымшалары ұсынылды. Іс-шараның соңында жалға алушылар өздеріне керек сұрақтардың жауаптарын алды.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев