Онлайн БКМ қолдану.

Онлайн БКМ қолдану.

2018 жылдың 1 қазаңынан “Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығы күшіне енді. Салық төлеушілер 2018 жылдың 1 қазаңынан оларды жүзеге асырған кезде онлаййн бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлері:
•    Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату.
•    Киімдерді сату.
•    Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату.
•    Ломбард қызметі.
•    Жылжымайтын мүлікпен жүргізілген операциялар бойынша агенттіктердің қызметі.
•    Жарнама агенттіктерінің қызметі.
Осыған орай, жоғарыда аталған қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер 2018 жылдың 1 қазанынан бастап онлайн режимінде деректерді жіберіп отыратын бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті екендігін қайта естеріңізге саламыз.
Онлайн бақылау-касса машинасын (БҚМ) тіркеу келесі түрде жүзеге асырылады: онлайн бақылау-касса машинасын сатып алып, БҚМ жүзеге асырылатын тұрғылықты орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеледі. Өзіңізбен бірге онлайн БҚМ, чек кітапшасын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы «12» ақпандағы № 160 бұйрығына сәйкес № 16 “Бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы өтініш”-і толтырылады. Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелгеннен кейін, онлайн БҚМ-мен ары қарай жұмыс істеу үшін, ХҚКО-нан ЭСҚ алып, ОФД сайтында тіркелу керек.
Онлайн БҚМ қолданудын басты артықшылығы болып кассалық кітапты бұрынғыдай қолма қол толытырудың қажеттілігі болмайды, себебі кассалық кітап ОФД сайтында онлайн режимінде жүргізіледі.
Сол себепті Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы онлайн БҚМ міндетті түрде тіркелуін хабарлайды, өтініштерді қабылдау Астана қ. Жұбанов көшесі 16 үй, 1 қабаттағы қабылдау бөлімінің 1-3 үстелдерінде жүргізіледі.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев