Онлайн БКМ қолдану

Онлайн бақылау-кассалық машинасын (бұдан әрі – онлайн БКМ) қолдануға көшу 2020 жылдың басында аяқталатынын ескере отырып, барлық салық төлеушілердің, соның ішінде патент негізінде қызметін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен біріңғай жер салық төлеушілері бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі — АМКБ) онлайн БКМ есепке алуға көшеді. Осыған байлынысты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, салық төлеушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, осы жылдың қыркүйегінен бастап барлық ірі сауда орталықтары  мен  елордалық базарларда  АМКБ  қызметкерлері таратылатын материалдар, онлайн БKM тіркеу міндеттемелері туралы кітапшалар таратылады.

 Техникалық қызмет көрсету орталықтарының өкілдері кәсіпкерлерді тіркеудің тәртібі, шарттары мен  кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдіктер түрлері мен акциялармен таныстырады.

Ескерту: Онлайн БKM-ді пайдалануға қойылатын талаптар жалпыға қол жетімді телекоммуникация желілері жоқ аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.

Бүгінгі таңда көптеген жеке кәсіпкерлер кез келген құрылғыда (смартфон, планшет, ноутбук және т.б.) жұмыс жасайтын онлайн БKM мемлекеттік тізіліміне енгізілген БKM-нің мобильді қосымшаларының артықшылықтарын жоғары бағалады.

Сонымен бірге, кәсіпкердің өзі мобильді қосымшаны немесе классикалық онлайн БKM-ді пайдалануды таңдайтын болады.

Онлайн БKM-ды 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркеу міндеттемесін ескере отырып, арнайы салық режиміндегі патент негізіндегі және біріңғай жер салық төлеушілері арасында, осы жылдың 4-ші тоқсанында жергілікті атқару органдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтары және т.б. қызметкерлерін шақыру арқылы осы ақпаратты таратуды күшейту жоспарлануда.

Онлайн БKM қолдану артықшылығы:

Онлайн БKM-ді қолданатын салық төлеушілер үшін:

— есеп айырысу кітабын толтыру талабы алынып тасталды;

БКМ аппараты бұзылған жағдайда салық органынан мөрді ашуға рұқсат алу үшін салық органына жүгінудің қажеті жоқ;

— фискалдық деректер операторының сайтындағы жеке кабинет арқылы БКМ қашықтықтан бақылау мүмкіндігі бар;

— «Кассалық машинаны тіркеу және тіркеу журналынан шығару» автоматтандырылған мемлекеттік қызметі;

Сатып алушылар үшін фискалдық деректер операторының веб-сайтында БKM чегінің түп нұсқалығын тексеруге болады.

Онлайн БKM енгізу салықтық басқаруды айтарлықтай жақсартып көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және бюджетке салық түсімдерін көбейтуге көмектеседі.

Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті барлық салық төлеушілерді көрсетілген мерзімдерді күтпей-ақ, онлайн БKM-ды тіркеуге шақырады!

Салық міндеттемелерін уақытылы орындағандарыңыз үшін рахмет!

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт