Онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті салық төлеушілер үшін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді

Онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті салық төлеушілер үшін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді
2018 жылдың 1 қазанынан бастап «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу» бойынша 2018 жылдың 16 тамызындағы №758 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығы; «Қолма-қол ақшаны есепке алу және беру функциялары бар бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілердің Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыратын қызмет түрлерін бекіту туралы» 2018 жылдың 16 ақпанындағы №206 бұйрығы күшіне енгізілді (келесіде –бұйрық).
Осыған орай Сарыарқа аудандық кірістер басқармасы атынан Молдажан Дархан Ғарифоллаұлы, Күздеубаев Жарболсын Алмасбекұлы «Онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті салық төлеушілер» атты тақырыбында Сарыарқа аудандық кірістер басқармасына қарасты базарларда, сауда үйлерінде кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
     Осы бұйрық қызмет түрін жүзеге асыру кезінде онлайн-бақылау-касса машинасын қолданатын салық төлеушілер үшін  қосымша 17 қызмет түрлерін қарастырады.
2018 жылдың 1 қазанынан бастап онлайн-бақылау-касса машинасын қолданатын салық төлеушілердің жүзеге асыратын қызмет түрлері
1.    Көлік және жеңіл автокөлік құралдарын сату;
2.    Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
3.    Көліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды көтерме сату;
4.    Көліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды бөлшектеп сату;
5.    Сусындарды көтерме сату;
6.    Фармацевтикалық тауарларды көтерме сату;
7.    Тігін бұйымдарын сату;
8.    Кронштейн –өнімдері, бояулар және шыны материалдарымен сауда;
9.    Киімдермен сауда;
10.    Фармацевтикалық тауарларды бөлшектеп сату;
11.    Сағат және әшекей бұйымдармен сауда;
12.    Ломбард қызметі;
13.    Жылжымайтын мүліктермен операция бойынша агенттік қызметі;
14.    Келісімшарт негізінде және сыйақы үшін жылжымайтын мүлікті басқару;
15.    Жарнама агенттіктерінің қызметі;
16.    Құмар ойындарды және ставка қоюды ұйымдастыру бойынша қызмет;
17.    Уәкілетті мекемелермен жүзеге асырылатын шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операциясын ұйымдастыру бойынша қызмет.
Семинардан кейін салық төлеушілерден пайда болған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріліп, талқылаулар жүргізілді.
Семинар аясындағы қосымша сұрақтар бойынша 8(7172)77-31-47, 8(7172)77-31-93 телефондарына хабарласыңыздар немесе Республика даңғылы 52, 218, 219 кабинеттерінен кеңес алуларыңызға болады.
     Осыған байланысты, жоғары көрсетілген қызмет түрлерін қолданатын салық төлеушілер 2018 жылдың 1 қазанынан бастап онлайн деректер беретін бақылау-касса машинасын қолдануға міндетті екенін қайталаймыз. 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев