Оңалту, банкроттық және салық салу саласындағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерін түсіндіру бойынша семинар өткізу туралы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 30.01.2020 жылы сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі — МКК) қызметкерлері МКК төрағасының орынбасары Ж. Д. Инкербаевтың төрағалығымен, «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің ғимаратында (Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа даңғылы, 13,
3 қабат, конференц-зал),  оңалту, банкроттық және салық салу саласындағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерін түсіндіру бойынша семинар өтетінін хабарлайды.

Аталған семинарда келесі тақырыптар жарияланады:

—                «2020 жылы күшіне енген салық заңнамасының жекелеген өзгерістері туралы». Баяндамашы-МКК жеке кәсіпкерлік түрлеріне салық салу басқармасының басшысы Г. А. Смағұлова

—                «Оңалту және банкроттық рәсімдерін ашудың жаңа тәсілдері. Олардың жүргізілуін бақылау». Баяндамашы-МКК оңалту және банкроттық басқармасының басшысы А. Б. Уалиева

—                «Әкімшілер қызметіндегі заңнамалық өзгерістер». Баяндамашы-МКК оңалту және банкроттық басқармасы басшысының орынбасары
Е. Ю. Мотовилова.

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт