Нұр-Сұлтан қаласында ЕАЭО елдерінен тауарларды ілеспелі құжаттарсыз жеткізу жағдайлары жиі орын алуда

Биылғы жылдың 30 мамырында Нұр-Сұлтан қаласына кіре берісте, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мобильді тобымен Қырғызтан Республикасынан импортталатын жеміс-жидек тиелген көлік құралы тоқтатылған болатын. Құжаттар тексеру кезінде нақты сатып алушысы анықталмады. Жүктелген көлік құралы нақты сатып алушысы анықталғанша ұсталды. ЕАЭО елдерінен Қазақстанға тасымалданатын тауарларды заңсыз әкелу фактілерінің өсуіне байланысты Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб және мобильді топтарын құрды. Мобильді топтардың жұмысы импортталған тауарлар бойынша жүк жөнелтімдерінің болуын анықтау және шот-фактураларда тауарлардың атауы көрсетілуі туралы мәліметтерін салыстыру, салықтық міндеттермелерінің орындалуы, ҚҚС төлемдерін тексеруге бағытталған.

Бүгінгі таңда, басқа облыстардың мобильді топтарының жедел ақпараттарының көмегімен Нұр-Сұлтан қаласының аумағына белгісіз салық төлеушілердін мекен-жайына тауарларды импорттауды болдырмау үшін жұмыстар жүргізілуде.

Осыған байланысты, импортталатын тауарлар үшін жүк жөнелтілімдерінің жоқтығы және жүкқұжаттарында тауарлар атауы сәйкес келмейтін фактілері бойынша бірнеше авто көліктер тоқтатылды. Осы фактілерге сәйкес, көлік құралдарының жүргізушілері мен көлік құралдары тауарларымен нақты сатып алушысы анықталғанша және оларды импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу бойынша салық міндеттермелерін орындағанға дейін ұсталады.

 

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті