Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ойын бизнесі саласындағы тіркелген салық ставкалары бекітілді

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 430/55-VI шешіміне ойын бизнесі саласындағы тіркелген салық ставкалары туралы (картинг, боулинг, компьютерлік клуб, бильярд үстелі, айырбастау пункті) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

Шешім «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданды және әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (Нұр-сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қазанда № 1247 болып тіркелді, 2019 жылғы 7 қазанда жарияланған).

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт