Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Назарбаев Халықаралық әуежайында шетел валютасында декларацияланбаған ақша қаражаты ұсталынғанын хабарлайды.

08.10.2019 ж. сағат 17:38-де Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайындағы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Әуежай-Астана» кеден бекетінде Нұр-Сұлтан -Тбилиси бағытында халықаралық КС 119 әуерейсімен «жасыл дәліз» жүйесімен кедендік бақылаудан өтіп, ақшалай қаражаттың болуы туралы белгіленген нысан бойынша  мәлімдемеген.

Осыған орай, ҚР азаматтары  іс қимылында ҚР ӘҚК 551 б.3 т. бойынша жауапкершілік бар әкімшіліктік құқықбұзушылық белгілері қарастырылады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт