Меншікке салынатын салық (жер, мүлік, көлік)

Меншікке салынатын салық (жер, мүлік, көлік)
Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы(бұдан кейін – Басқарма),  жеке тұлғалардың мүлкіне салық берешегін азайтуға бағытталған жұмыстардың аясында Астана қаласының Есіл ауданының тұрғын үй кешендерінің пәтер иелерінің кооперативтерімен (бұдан кейін – ПИК) ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізілді.
Осыған орай, Басқарма Есіл ауданының тұрғын үй кешенінде тұратын және жеке тұлғалардың мүліктік салығы бойынша берешегі бар тізімдерін ПИК-ке табыстады.
Бұл шара мерзімі өткен берешекті қысқартуға және жергілікті бюджетке түсетін кірісті ұлғайтуға бағытталған.
Сонымен қатар өзініздің немесе жақындарыныздың жеке меншікке (жер, мүлік, транспорт) салық берешектерін ҚР ҚМ МКК – нің [url]http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web[/url] сайтынан («Электрондық сервистер» бөлімнен Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі мәлімет) тексеруге болады.
Мәжбүрлеу шараларын (айыппұлдарды, банктік шоттарды, карталарды, шығуды шектеуді және т.б.) болдырмау үшін есептелген салықтарды төлеу қажет.
Төлемді екінші деңгейдегі кез келген банктен, казпочта бөлімшелерінде немесе электронда порталдан (Homebank, Kaspi.kz, терминалдан және т.б.) арқылы жүргізуге болады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев