«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ» қалалық байқауы өтті

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ» қалалық байқауы өтті

      Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» орталығы үздік мемлекеттік қызметшілер арасында Астана қ., «Оқушылар сарайында» (Б.Момышұлы даңғ., 5) байқау өткізілді.
Аталған шараға Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметшілері Жайкеев Руслан Бахытбекович, Абуталипова Дина Алибековна, Мантаев Жасұлан Жандарбекұлы, Абушахманов Сункар Хайдарович белсенділік танытып, жан-жақты дайындықпен қатысты.
      Байқаудың негізгі мақсаты мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, қоғамдық беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру, өз ойларын  мемлекеттік тілде еркін жеткізуін бағалау болатын.
Біздің мемлекеттік қызметшілер Департаменттің намысын қорғау жолында өздерінің кәсіби шеберлігін, белсенділігі мен ұшқырлығын, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатынын, сөздік қоры бай, қалыптасқан азаматтық ұстанымдарын сахнада сайыс барысында дәлелдеді.
Департаменттің қызметшілері бағалы сыйлық пен алғыс хаттармен марапатталды.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев