Мемлекеттік қызметшілердің HR форумы

2019 жылғы 18 сәуірде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстары басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ HR» форумына қатысты.

HR Фоурмның форматы панельдік сессиялар мен Kyzmet Talks, тренингтер мен брейнстормингтерді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет бойынша HR саласындағы шетелдік сарапшылармен Web-сессиялары мен өтті.

HR Форумның тақырыптары:

· Мемлекеттік қызметте адами ресурстарды тиімді басқару;

· Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудағы инновациялар;

· Персоналды басқару саласындағы халықаралық трендтер;

· Таланттарды тарту және басқару;

· Персоналды басқарудың цифрлық мүмкіндіктері;

· Құзыреттерді басқару;

· Шиеленістерді басқару;

· Жобаларды басқару.

Спикерлер: орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары, HR саласындағы халықаралық және жергілікті сарапшылар, мемлекеттік органдар, корпоративті және жеке сектордың персоналды басқару бөлімдерінің басшылары.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт