КТС бойынша декларацияға дейінгі аванстық төлемдер Құрметті салық төлеушілер!

КТС бойынша декларацияға дейінгі аванстық төлемдер
Құрметті салық төлеушілер!

Салық кодексінің 305 бабына 2 тармағына сәйкес салықтық міндеттемелерді:
1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;
2) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер – әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;
3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген, Қазақстан Республикасында қызметін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын
бейрезидент-заңды тұлғалар – салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;
4) осы Кодекстің 289-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушiлер;
5) осы Кодекстiң 291-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетiн салық төлеушiлер;
6) осы Кодекстің 290-бабы 2 және 3-тармақтарының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер;
7) осы Кодекстің 708-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер орындамайды.
Салық кодексінің 305 бабының 2 тармағына жатпайтын салық төлеушілер аванстық төлемдер есебін КТС тапсырғанға дейін және кейін ұсынуға міндетті.
КТС бойынша АТ сомасы есебін ұсыну мерзімі жақындағанын ескертеміз. Есеп ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей 2019 жылдың 1 тоқсанына салық төлеушінің орналасқан жері бойынша ұсынылады.
Сонымен бірге, аванстық төлемдердің сомасы:
— декларацияға дейін,   алдыңғы салықтық кезең үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисаптарында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсаны үшін есептеледі (есепке жазылады)
 ( АТ 2019 ж. = (1/4*АТ 2018 ж.). Егер салық төлеуші декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабында аванстық төлемдердің сомасын төмендеткен жағдайда, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдердің сомасын есепке жазуды осы тармақшаға сәйкес айқындалған, аванстық төлемдердің сомасы мен осындай есеп-қисапта көрсетілген аванстық төлемдердің сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев