«Контрафакт» Республикалық акциясы басталды

 «Зияткерлік меншікті қорғау» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықты кеңінен қамту және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелеріне құқық иеленушілерді тарту үшін 2019 жылдың 6-17 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізіледі.

Аталған акция шеңберінде 16-29 жас аралығындағы жастар арасында «Қазақстанда контрафактілік жоқ» атты үздік қысқа бейнероликке (vine) және 14-16 жас аралығындағы балалар арасында «Зияткерлік меншік және мемлекет моделі 2050 жыл» атты үздік эссесіне республикалық конкурстар, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша интернет — конференцияға, Нұр-Сұлтан қаласында «Контрафакт» акциясын аяқтау рәсімі өткізу көзделген.

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт