КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ТҮСІНІГІ

КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ТҮСІНІГІ

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің елімізде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енді.
Кедендік бақылау кеден органдарына берілген тауарлар мен көлік құралдарына, кедендік және өзге де құжаттарға қатысты жүзеге асырылады.
Сонымен қоса, кедендік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылуы мүмкін.
Импорт кезінде: тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда болады.
Экспорттау кезінде: кедендік декларацияны тіркеген сәттен бастап немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды экспорттағаннан кейін.
Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілері, нысандары мен  кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ету шараларының таңдамалы қағидатынан бастайды.
Кедендік бақылау объектілерін, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуды қамтамасыз ететін шараларды таңдау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады.
Бұл дегеніміз, электрондық жүйе кеден органының лауазымды тұлғасы бақылау жүргізуге міндетті, кедендік бақылаудың объектісін дербес анықтайды, сондай-ақ кедендік бақылау нысанын анықтайды.
            Кедендік органдар кедендік бақылаудың келесі нысандарын қолданады:
– түсініктеме алу;
– кеден, өзге де құжаттар және (немесе) ақпараттарды тексеру;
– кедендікқарау;
– кедендік тексеру;
– жеке кедендік тексеру;
– үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру;
– кедендік бақылау.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті