Кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын өткізеді

Қазақстан Республикасы Президентінің 09.10.2006 ж. № 194 Жарлығына сәйкес «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы көрме-байқауы (бұдан әрі — Байқау) болып өтеді, ұйымдастырушылар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы.Биылғы жылы, елордада Конкурс Астана Концерт залы (бұрынғы Конгресс Холл) ғимаратында 2019 жылы 13 шілдеде сағат 10.00 ден — 17.00 ге дейін өтеді.Байқауда, республикада қандай өнімдер шығарылып жатқанын біліп, оларды өндірушілердің бағасымен сатып алуға болады.Байқаудың жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі сағат 16.00-де өтеді.Байқауға үш аталым бойынша 100-ден астам елордалық компаниялар қатысады:«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;«Үздік азық-түлік тауарлары»;«Халыққа арналған үздік тауарлар».Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы барлық қатысушыларды осы байқауға шақырады. 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт