Карнет АТА кітапшасы

Карнет АТА кітапшасы

 

Халықаралық сауда палатасы (WATAC, Париж) Уақытша әкелу туралы конвенцияға (Ыстамбұл, 1990 жыл) барлық қатысушы мемлекеттердің назарына Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 1 сәуірден бастап 77-ші және Уақытша әкелу туралы конвенциясының толық қанды қатысушысы болатынын жеткізді.

Мемлекеттік кірістер органы Конвенцияның ережелерін іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында Комитет Конвенцияның ережелерін қолдану және карнет АТА кітапшасын толтыру тәртібі бойынша әдістемелік ұсынымды әзірледі.

Қазақстан Республикасында кепілдік беруші және беруші ассоциация ретінде «Атамекен» Сыртқы сауда Ұлттық палатасы танылды. Карнет АТА ұстаушылар Конвенция ережелерінің талаптары сақталмаған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша талап Сыртқы сауда палатасының атына қойылады.

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының карнет АТА кітапшасының «мемлекеттік және орыс тілінде» аудармасын талап етуі мүмкін екендігін қосымша хабарлаймыз.

Карнет АТА кедендік әкімшілендіру бөлігінде сұрақтар туындаған кезде Комитетке 8 (7172) 71-75-59 телефон бойынша жүгінуге болады.

Автор записи: Жасулан Мантаев