Хабарландыру!

Құрметті салық төлеушілер! Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаларға 2018 жылғы мүлік пен жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажеттігін хабарлайды.

Есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі және алдағы төлемдер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетінің – kgd.gov.kz сайтынан көруге болады. Көрудің екі тәсілі бар:

1) келесі қадамдық нұсқаулық бойынша:

kgd.gov.kz > Электрондық сервистер > бизнеске көмек > берешектің болмауы (болуы)  және алдағы төлемдер туралы мәліметтер > жеке тұлғаның ЖСН енгізу > суретте берілген кодты енгізу > «нәтижені алу» батырмасын басу» арқылы;

2) қысқа сілтеме бойынша: http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-upcoming-payments-web

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт