ЕАЭО шеңберінде салық салу

ЕАЭО шеңберінде салық салу

 

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) туралы Шарттың 71және 72-бабтары негізінде жанама салықтарды төлеу (ҚҚС және акциз) кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудасында, қосылған құн салығына нөлдік ставканы қолдануды қарайтын және (немесе) тауар экспорты кезінде акцизді төлеуден босату, сондай-ақ импорт кезінде оларға жанама салық салуды қарайтын, тағайындаған елдер приципі бойынша жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағына тауар әкелуде салық төлеушілер орналасқан орны бойынша (мекен-жайы) импортталған тауарлар бойынша, жанама салықтар жөніндегі декларацияны, оның ішінде лизинг келісімі бойынша (келісімшарт), қағаз жеткізгіште және электронды түрде немесе электронды түрде салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Сонымен қатар салық төлеушілер мемлекеттік органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациясымен бір мезгілде келесі құжаттарды табыс етеді:

1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенгені туралы өтінішті қағаз жеткізгіште (төрт дана) және электронды түрденемесе электронды түрде.

2) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін;

3) кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан ҚР аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарларға ілеспе құжаттарды;

4) шот-фактураларды;

5) кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан ҚР аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарт);

6) ақпараттық хабар (Салық кодексінің 454 бабының 2, 3, 4 және 5 тармағында қаралған жағдайларда).

 ҚР заңнамасында көзделген негіздер бойынша  салық төлеушінің мөрі  болмаған жағдайларды қоспағанда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен басқа көрсетілген құжаттарсалық төлеушінің басшысы мен бас есепшінің (ол болған кезде) қолтаңбаларымен, сондай-ақ мөрімен куәландырылған көшірмелерде табыс етілуі мүмкін.

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (әрі қарай-Өтініш) тауар әкелуді жүзеге асырған салық төлеуші қағаз жеткізгіште (төрт дана)  және электронды түрде  табыс етеді.

         Сонымен бірге Өтініштің бір данасы салық органдарында қалса, үш данасы тауар әкелуді жүзеге асырған салық төлеушіге салық органының жанама салықтарды толық көлемде төленгендігін растаған белгісімен   қайтарылады (босату немесе ҚР салық заңнамасында қаралғанжанама салықтарды төлеудің басқа тәртібі).

         Өтініштің екі данасы тауарды әкелуді жүзеге асырған салық төлеуші салық органының белгісімен, аумағынан осындай тауарлар тасылған кеден одағына мүше мемлекеттің ҚҚС нөлдік ставкасы қолданылған салық төлеушісіне жолдауға жатады.

Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мерзімдерде, есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-і күнінен кешіктірмей – әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер органдары жанама салықтарды төлемеген, толық төлемеген  немесе уақытында төлемеген жағдайда,сондай-ақ салық декларацияларын тапсырмаған, олардың мерзімдерін бұзумен тапсырған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексі белгіленгендей (әрі қарай  – КоӘҚБ) әкімшілік жауапқа  тартатындығын атап өту қажет.