ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан импорт-экспортты әкімшілендіру

ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан импорт-экспортты әкімшілендіру

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО)туралы Шарттың 71және 72-бабтары негізінде жанама салықтарды төлеу (ҚҚС және акциз)кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудасында, қосылған құн салығына нөлдік ставканы қолдануды қарайтын және (немесе) тауар экспорты кезінде акцизді төлеуден босату, сондай-ақ импорт кезінде оларға жанама салық салуды қарайтын,тағайындаған елдер приципі бойынша жүзеге асырылады.
ҚР аумағына тауар әкелуде салық төлеушілер орналасқан орны бойынша (мекен-жайы) импортталған тауарлар бойынша, жанама салықтар жөніндегі  декларацияны, оның ішінде лизинг келісімі бойынша (келісімшарт), қағаз жеткізгіште және электронды түрде немесе электронды түрде  салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.
Сонымен қатар салық төлеушілер мемлекеттік органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациясымен бір мезгілде келесі құжаттарды табыс етеді:
– тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенгені туралы өтінішті қағаз жеткізгіште (төрт дана) және электронды түрденемесе электронды түрде.
– импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін;
– кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан ҚР аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарларға ілеспе құжаттарды;
–  шот-фактураларды;
– кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан ҚР аумағынаимпортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар(келісімшарт);
– ақпараттық хабар (Салық  кодексінің 454 бабының 2, 3, 4 және 5 тармағында қаралған жағдайларда).
 ҚР заңнамасында көзделген негіздер бойынша  салық төлеушінің мөрі  болмаған  жағдайларды қоспағанда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен басқа  көрсетілген құжаттарсалық төлеушінің басшысы мен бас есепшінің (ол болған кезде) қолтаңбаларымен, сондай-ақ мөрімен куәландырылған көшірмелерде табыс етілуі мүмкін.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті(әрі қарай-Өтініш) тауар әкелуді жүзеге асырған салық төлеуші қағаз жеткізгіште (төрт дана)  және электронды түрде  табыс етеді.
Сонымен бірге Өтініштің бір данасы салық органдарында қалса,  үш данасы тауар әкелуді жүзеге асырған салық төлеушіге салық органының жанама салықтарды толық көлемде төленгендігін  растағанбелгісімен   қайтарылады (босату немесе ҚР салық заңнамасында қаралғанжанама салықтарды төлеудің басқа тәртібі).
Өтініштің екі данасы тауарды әкелуді жүзеге асырған салық төлеушісалық органының белгісімен,аумағынан осындай тауарлар тасылған кеден одағына мүше мемлекеттің ҚҚС нөлдік ставкасы қолданылған салық төлеушісінежолдауға жатады.
Сонымен бірге, салық органы Салық кодексінің 456 бабы белгілегендей жанама салықтарды төлемеген, толық төлемеген  немесе уақытында төлемеген жағдайда,сондай-ақ салық декларацияларын тапсырмаған, олардың мерзімдерін бұзумен тапсырған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу туралы  Кодексі белгіленгендей (әрі қарай  – КоӘҚБ) әкімшілік жауапқа  тартуға міндетті.
Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушіқосылған құн салығын есепке жатқызуға құқығы бар.
Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында сәйкес, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.
Өткізілген тауарлар бағасы ұлғайту (азайту) жағына өзгерген кезде не өткізілген тауарлардың саны (көлемі) олардың тиісті сапасының және (немесе) жинағының болмауы себебінен қайтарылуына байланысты азайған кезде тауарлар экспорты кезіндегі салық салынатын айналымның мөлшері шарт (келісімшарт) қатысушылары экспортталған тауарлардың бағасын өзгерткен (қайтаруды келіскен) салықтық кезеңде түзетіледі.
Мыналар:
– өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі – шарттар (келісімшарттар), ал тауарлар лизингі немесе заттар түрінде қарыз берілетін жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);
– аумағына тауарлар импортталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, жанама салықтарды төлеу және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда);
-Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
Тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы экспорттаған жағдайда тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
– зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы,
сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор записи: Жасулан Мантаев