Азаматтық бақылау

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 30 қыркүйегінен бастап фискалдық чектерді бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау» республикалық пилоттық жобасы басталғанын еске салады.

Осы жоба шеңберінде чекті бермеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға сыйақы төлеу (ұялы телефон балансын толтыру) жүзеге асырылады.

ҚР ҚМ МКК мәліметтері бойынша, жалпы, жобаның іске қосылу мерзімнен бастап 4 000-нан астам өтініш келіп түсті. Барлық келіп түскен өтініштер өңдеуге түседі, кәсіпкердің деректері, фискалдық чектерді бермеу фактілері мен себептері тексеріледі.

Тартылатын адамның түсініктемелері, жәбірленушінің, куәлардың айғақтары, сарапшының, маманның қорытындылары мен айғақтары, заттай дәлелдемелер, өзге де құжаттар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар және ӘҚБТ кодекстің көзделген іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары жауапкершілікке тарту үшін дәлелдеме болып табылады. Сондықтан, сыйақы сатушыға KKM чегін беруден бас тарту фактісі бейнеге, дүкеннің мекен-жайы мен атауы, сауда үйінің, базардың атауы (сауда үйіндегі бутик нөмірі, базардың нөмірі) және фискалдық чек бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер болған жағдайда төленеді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД ҚР барлық азаматтарын БКМ чектерін бермеу арқылы өз кірістерін жасырып жүрген салық төлеушілерге қатысты өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге және пилоттық жобаға белсенді қатысуға шақырады. Барлық жіберілген өтініштерді мемлекеттік кірістер органдары пысықтайтын болады.

Айта кетейік, бейнематериалдарды, соның ішінде Apple App Store және Google Play Market-тен тегін көшіріп алуға болатын «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады.

Шағымдарды жіберген кезде өзіңіздің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), ЖСН мен байланыс телефоныңызды қосымша көрсетіңіз. Бұл деректемелер фискалдық чек бермеген тұлғаны бұзушылық фактісі расталған және жауапкершілікке тартылған жағдайда сыйақы төлеу үшін қажет. Фискалдық чектерді сайтта тексеруге болады: //http.consumer.oofd.kz.

Сонымен қатар, техникалық талаптарға сәйкес берілген фискалдық чек туралы ақпарат 72 сағат ішінде жіберілуі мүмкін. Сондықтан фискалдық деректер операторының базасында берілген фискалдық чек анықталмаған жағдайда 3 күнге дейін күту және одан кейін қайта тексеру қажет. Егер 72 сағат өткеннен кейін ақпарат болмаған жағдайда, онда сіз мемлекеттік кірістер органдарына байланыса аласыз.

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт