«Аванстық төлемдерді есептеу бойынша кедендік әкелу баждарының төлеу есебіне жатқызу»

«Аванстық төлемдерді есептеу бойынша кедендік әкелу баждарының төлеу есебіне жатқызу»

Осы жылы аванстық төлемдерді есептеу бойынша кедендік әкелу баждары мен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне жатқызу әдісі кедендік әкімшілендіруді одан әрі жақсарту мен Еуразия Экономикалық Одағы (ЕАЭО) мемлекеттерінің яғни сыртқы экономикалық қызметі қатысушыларына бизнесті басқару үшін қолайлы жағдайлар жасауды жүзеге асырылуы жоспарланған
Еуразия Экономикалық Комиссиясының (ЕЭК) қолдаған осы жаңа еңгізілімі, ЕАЭО туралы шартына сәйкестендірілген өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана әрекет етеді.
Қазіргі таңда бюджеттік жіктеу кодына сәйкес, басқа да кедендік төлемдерден бөлек кедендік әкелу баждарының өтелуі, ЕАЭО туралы шартымен қарастырылған, сонымен қоса СЭҚ қатысушыларына қиындықтар туғызғаннан, тауарларды кедендік тазарту бойынша кедендік әкелу баждары мен басқа да төлемдерін өтеу үшін жүргізілген кедендік операциялары кезінде бірнеше төлем тапсырмасын қолдануға мәжбүр.
Мысалыға СЭҚ қатысушысы импортталатын тауарды декларациялаған кезде кедендік әкелу бажы (БЖК 106101) мен ҚҚС (БЖК 105102) төлеуге міндетті. «Астана-1» ақпараттық жүйеде тауарларға арналған декларацияны (ДТ) шығарған кезде, СЭҚ қатысушысының жеке шотынан әрбір БЖК бойынша, бөлек түрде кедендік әкелу баждары мен ҚҚС есептелген сомалары алынады. Соған байланысты, БЖК біреуінде ақша жетіспеу себебіне қатысты, ТД шығарған кезде қиындықтар орын алады. Сонымен қатар, бір БЖК жетіспеген ақша соммасы басқа БЖК артық болуы мүмкін. Соған қарамастан, ақшалай қаражаттары жетіспеген жағдайда, «Астана-1» АЖ ТД шығарудан бас тартылады себебі, бір БЖК артық ақша соммасының басқа БЖК орнына есептеліп алынуы, қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді. Бір БЖК артық ақшалай қаражат сомаларынан, ақшалай қаражат сомалары жетіспейтін басқа БЖК толықтыру үшін, салық органында ақшалай қаражат сомаларын алмастыру рәсімі жүзеге асырылуы тиіс, бірақ тауарларды кедендік тазарту кезінде СЭҚ қатысушыларына белгілі қиындықтар туғызады.
ЕАЭО туралы шартына өзгерістердің енгізілуі, кедендік баждарды төлеу үшін аванстық төлемдердің қолданылуын, яғни аванстық төлемді бір рет салып, қажет болған жағдайда кез-келген кедендік төлемдерге бөлінуін қамтамасыз етеді.
Сонымен, «Астана-1» АЖ-де СЭҚ қатысушысының жеке шотындағы аванстық төлемінен ТД-ғы БЖК бойынша ақшалай қаражат сомалары алынады.
Бұл өзгеріс кедендік және басқа да төлемдерін өтеу рәсімін жеңілдету мен СЭҚ қатысушыларының шығындарын азайтуға бағытталған.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев