«Астана-Технополис» АЭА» – кедендік әкімшілендіру»

         «Астана-Технополис» АЭА» – кедендік әкімшілендіру»

    Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір сұрақтары туралы» №772 қаулысына сәйкес құрылған, «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы (әрі қарай-АЭА) аумағында әкімшілендіру сұрақтары бойынша семинар өтті.
    АЭА басқарушы компаниясы басқармасы (семинарды ұйымдастырушы)  спикер ретінде сөз сөйлеу және кеңес беру үшін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Астана-жаңа қала» АЭА» кеден бекетінің білікті қызметкерлерін шақырды.
    АЭА туралы Ережесіне сәйкес, тамақ өнімдерін, фармацевтикалық препараттар, шыныдан жасалған бұйымдар, металл емес минералдық өнімдер, электромедициналық жабдықтар, электрдвигетельдер, бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару, компьютерлік бағдарламалау, сәулет саласындағы қызмет, инженерлік ізденістер, ғылыми зерттеу, денсаулық сақтау саласындағы қызмет, жоғары және орта оқу орны және ғимараттар құрылысы,  мамандандырылған құрылыс жұмыстары және тағы басқа өндірістері жататын, АЭА аумағында күрделі шоғырланған қызмет түрлерін анықтайды.
631,92 гектарды құрайтын, АЭА аумағы Астана қаласы аумақтық шекарасы шегінде орналасқан және АЭА жоспарына сәйкес анықталады.
АЭА аумағында кедендік әкімшілендірудің ерекшелігін ескере отырып, спикері кедендік реттеуге жататын, АЭА туралы Ереженің нормаларының нақты қолдануының кейбір сұрақтарын, оның ішінде АЭА аумағында қолданылатын кедендік рәсімдерін, АЭА аумағында тауарларды орналастыру тәртібін, АЭА объектілерінде кедендік бақылауды жүзеге асыруды, сонымен қатар тарифтік емес реттеулерді түсіндірді.
АЭА қызметінің бастапқы кезеңдерін есере отырып, семинарға қатысушылар, дөңгелек үстелдер өткізу жолымен, мәселелі сұрақтарды қарау үшін тұрақты сөйлесу алаңын құру, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдар және «SezUnion» Қазақстан Республикасы арнайы экономикалық аймақтар Қауымдастықтың АЭА қатысушылар өкілдері арасында белсенді және тығыз байланысты қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ойларын білдірді.
Семинар қорытындысы бойынша Астана қаласы бойынша МКД өкілдері, АЭА аумағында кедендік реттеу тәртібін түсіндіру бойынша жедел кеңес беруге, мүдделі тұлғалармен тікелей әрекет жасауға дайын екенін білдірді.
«Астана-Технополис» АЭА аумағында кедендік әкімшілендіру сұрақтары бойынша кеңес алу қажет болған жағдайда және басқа мүдделі тұлғалар мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8(7172) 62-33-52, 61-33-49, Астана қаласы бойынша МКД «Астана-жаңа қала» АЭА» кеден бекеті.
   

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев