Астана қаласы бойынша МКД жастармен кездесу өткізді

Астана қаласы бойынша МКД жастармен кездесу өткізді

2018 жылғы 28 қарашада Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ бірлесіп «NEET жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша Жол картасын» іске асыру шеңберінде жастармен салық заңнамасы, мемлекеттік қолдау, әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Жастар салық салу саласындағы қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды: Жеке кәсіпкерлікті тіркеу, салық салу тәртібі, салық ставкалары, декларация тапсыру мерзімі және т.б.
Сонымен қатар, жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін жалпыға бірдей декларациялау мәселесіне үлкен қызығушылық туғызды.

 Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев