Ашық есік күні

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалымен өткізілген «Ашық есік күнін» өткізуге қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты:

1)                халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі және өңір бойынша негізгі көрсеткіштер (әлеуметтік аударымдардың түсуі, төлеушілер мен әлеуметтік төлемдерді алушылар саны) туралы хабардар ету;

2)                халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейту, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тарту;

3)                азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау;

4)                әлеуметтік төлемдерді алушыларға тағайындалған мөлшерлері мен төлемдерді жүзеге асыру тәртібі туралы консультациялар беру;

5)                салық заңнамасы мәселелері бойынша консультациялар беру.

Қатысушылар салық міндеттемелерін орындауға байланысты барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

  Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт