Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалымен өткізілген «Ашық есік күнін» өткізуге қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты:
1) халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі және өңір бойынша негізгі көрсеткіштер (әлеуметтік аударымдардың түсуі, төлеушілер мен әлеуметтік төлемдерді алушылар саны) туралы хабардар ету;
2) халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейту, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тарту;
3) азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау;
4) әлеуметтік төлемдерді алушыларға тағайындалған мөлшерлері мен төлемдерді жүзеге асыру тәртібі туралы консультациялар беру;
5) салық заңнамасы мәселелері бойынша консультациялар беру.
Қатысушылар салық міндеттемелерін орындауға байланысты барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті