Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының атқарған қызметі туралы

Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының атқарған қызметі туралы

Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер назарына  келесіні ұсынады, 2018 жылдың 17 тамызында Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы құрылып, аталған ауданның шекарасы анықталды.
Қазіргі таңда, біздің ауданда (6202) осыған дейін тіркелген салық төлеушілерді Байқоңыр (6207) ауданына ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз, салық есептілігін жіберу және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді жүзеге асыру барысында,  салық төлеушілер кабинетінде, сіздердің тіркеу деректеріңізді тексеру сервисі бар, осыған орай Сіздерге тіркеу деректеріңізді жаңартып, содан кейін тіркеу деректерінде көрсетілген кодка салық есептілігін тапсырып, төлемдерді жүзеге асыруларыңыз қажет.
Сонымен қатар, дербес шоттар автоматты түрде ауысады,  мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну талап етілмейді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев