Әкелінетін тауарлардың кедендік құнының негіздері

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнының негіздері

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68 және 69-баптарына сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін құндық негізді негіздеп таңдау мақсатында мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі – МКО) мен декларанттың арасында консультациялар жүргізу тәртібі және мерзімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 264 бұйырығымен бекітілген «Консультациялар жүргізу қағидалары және мерзімімен» айқындалады. Сонымен ақпаратпен алмасу коммерциялық құпия туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталуымен жасалады.
Консультациялар, егер МКО тауарлардың кедендік құнын Кодекстің «Бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс» (2-әдіс) 68 және «Біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс» (3-әдіс) 69-баптарына сәйкес айқындаған жағдайда, тауарларды кедендік декларациялау кезінде олар шығарылғанға дейiн де, шығарылғаннан кейiн де жүргізіледі. МКО-ның лауазымды тұлғасы құжат айналымы ақпараттық жүйесі арқылы немесе жазбаша нысанда декларантты тауарларды кедендік тазарту сатысында не кедендік тексеруді жүргізу барысында консультациялардың жүргізілуі және осындай консультациялар шеңберінде декларантта қолда бар құжаттамалық расталған бағаланатын тауарларға біртекті немесе бірдей бағаланатын тауарлармен жасалатын мәмiленің құны туралы мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсіндірмелерді ұсыну мүмкіндігі туралы хабардар етеді. Сонымен қатар  бағаланатын тауарларға біртекті немесе бірдей бағаланатын тауарлармен жасалатын мәмiленің құны туралы ақпарат болған кезде осындай ақпарат декларантқа жолданылады.
Декларант тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін мәліметтер бар болған кезде осы ақпаратты электрондық немесе жазбаша нысанда МКО-на бір жиынтықпен (бір мезгілде) Кодекстің 193-бабына сәйкес тауарлардың шығару мерзімінен кешіктірмейтін не Кодекстің 417 және 418-баптарына  сәйкес кедендік тексеру жүргізу мерзімінен кешіктірмейтін мерзімде табыс етеді. Егер осындай мәліметтер ұсына алмайтын және (немесе) жоқ болған жағдайда, декларант МКО-ды осындай мәліметтердің жоқтығы туралы жоғарыда  көрсетілген мерзімде хабарлайды. Алынған мәліметтерді қолдану мүмкін болған жағдайда МКО-ның лауазымды тұлғасы оларды тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде назарға және есепке алады.
Егер, декларанттан алынған мәліметтерді МКО-ның лауазымды тұлғасы Кодекстің тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде қолданыла алмаған жағдайда тауарлардың кедендік құнына қатысты шешімді оның иелігінде бар мәліметтер негізінде қабылдайды және бұл туралы ақпараттық жүйе арқылы немесе жазбаша нысанда декларантты хабардар етеді. Бұл ретте консультация аяқталған деп есептеледі. Жоғарыда көрсетілген мерзімде декларант сұрау салған мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, МКО-ның лауазымды тұлғасы тауарлардың кедендік құнына қатысты шешімді оның иелігінде бар мәліметтердің негізінде қабылдайды. Бұл ретте консультация аяқталған деп есептеледі.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев