2020 жылы «Жалпыға бірдей декларациялауға көшу».

2020 жылы «Жалпыға бірдей декларациялауға көшу».

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылы «Жалпыға бірдей декларациялауға көшу» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Аталған іс-шараға қатысушылар — Оклахомадан американдық маман Dorothy Dotty Stout Carson, «Hogan Taylor» аудиторлық компаниясының CPA менеджері, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, аудиторлық қауымдастықтың өкілдері, ЖОО оқытушылары және ірі мекемелердің бас бухгалтерлері — АҚШ тәжірибесін, алдағы декларациялауға байланысты мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ, шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындарының шәкіртақысын алатын студенттердің жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы мәселелер талқыланды.
Айта кету керек, Штаттарда салық декларациясын адал толтырады. Жалдамалы қызметкерлер салық міндеттемелерін дербес орындайды, оның ішінде декларацияларды толтыру, табыс ету бойынша да. Жылжымайтын мүлікке елеулі салықтар салынады.

  Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев