2019 жылғы 5 наурызда Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микурия Астанадағы «Continental Logistics» көліктік-логистикалық орталығында орналасқан «Астана – кедендік ресімдеу орталығы» кеден

2019 жылғы 5 наурызда Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микурия Астанадағы «Continental Logistics» көліктік-логистикалық орталығында орналасқан «Астана – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде болды.

 

2019 жылғы 5 наурызда Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микурия Астанадағы «Continental Logistics» көліктік-логистикалық орталығында орналасқан «Астана – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде болды. Бұл Қазақстандағы кедендік қызметтердің жаңа форматындағы алғашқы орталығы. Ол бірыңғай терезе қағидаты бойынша және реттеу кезінде кеден қызметтерінің барлық түрлерін ұсынады. Сапар барысында Микурия мырза кедендік қызмет пен инфрақұрылыммен танысты, уақытша сақтау қоймаларына барып, электронды декларация енгізудің тиімділігін бағалады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізді. Кездесу Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы М.Е. Сұлтанғазиевтің қатысуымен өтті.