2019 жылға патент алу үшін патент бойынша салық декларациясын мерзімінде тапсыру қажет

2019 жылға патент алу үшін патент бойынша салық декларациясын мерзімінде тапсыру қажет

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің 685 бабына сәйкес патент негiзiндегі арнаулы салық режимiн қолдану үшiн тұрған жеріндегі салық органына патент құнының есеп-қисабы ұсынылатынын ескертеді. Кезекті патентті алу үшін патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салықтық есептілікті табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшін салықтық кезең күнтiзбелiк жыл болып табылады. Сонымен қатар, патент негізіндегі арнаулы салық режимі бір салықтық кезең шегінде кемінде бір ай қолданылады.
Осыған байланысты, күнтiзбелiк жыл 31 желтоқсанда аяқталуына байланысты, мерзімін өткізіп алмас үшін жеке кәсіпкерлерді 2019 жылға патент алуға патент бойынша салық декларациясын тапсыруды 31 желтоқсанды күтпей, желтоқсан айының ішінде тапсыру керектігін ескертеміз.
Сонымен қатар, 911.00 «Патент құнының есеп-қисабының» электронды формасы жарияланып, СОНО қосымшасында пайдалануға дайын.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев